Мектептің ресми таныстырылымы BTCS: Білімге деген шабыт пен инновация!

10.06.2024

16 наурыз күні мектептің көптен күткен таныстырылымы өтті BTCS дегеніміз – бірегей білім беру бағдарламаларымызды ұсынған орын

Білімге заманауи және креативті тұрғыда қарауға қызығатындардың бәрі осы іс-шараға жиналды.

Таныстырылым кезінде біз әрбір оқушыны дамытуға және шабыт беруге бағытталған инновациялық білім беру бағдарламаларымыз туралы маңызды ақпарат айттық. Балаға дұрыс тамақ берудің және оқушылардың денсаулығына деген қамқорлықтың қандай маңызды екенін талқыладық. Бұл құндылықтар біздің білім беру философиямыздың ажырамас бөлігі. Біз білім беру процессіне барын салған біздің таланатты командамызға ерекше алғыс білдіреміз. Сонымен қатар, біз әлемдік стандарттарға сай келетін, білім алу үшін қолайлы жағдай жасайтын сыныптардың заманауи дизайны мен атмосферасын таныстырдық. Біздің сарапшымыз Динара Амрина дайындаған буллингтің алдын алу жөніндегі бағдарламаны енгізуге қатысты бөлек әңгіме өрбіттік. Оның әдіс-тәсілі барлық оқушы үшін қауіпсіз және бір-біріне қолдау танытатын орта құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, біз Бибігүл Төлегенова атындағы Креативті мектептің оқушылары үшін арнайы тігілген халықаралық Marino Madi дизайнындағы бірегей мектеп формасын таныстырдық. Біз осы айтулы күні жанымыздан табылып, қуанышымызға ортақ болған барша адамға шын жүректен алғыс айтамыз. BTCS мектебінде жаңа талантты оқушыларды асыға күтеміз!

ОҚУҒА ТҮСУ ҮШІН ӨТІНІШ ЖАЗУ
Мәліметтеріңізді енгізіңіз, біз жақын арада сізге хабарласамыз

    Аты-жөніңіз кім?*

    Почтаңызды жазыңыз:

    WhatsApp нөмірін енгізіңіз:*


    Сыныпты таңдаңыз:

    Оқыту тілін таңдаңыз::

    Нажимая на кнопку вы даете свое согласие на обработку персональных данных, согласно Политике конфиденциальности