Қазақстандағы алғашқы креативті мектеп Астанада ашылады

10.06.2024

Біз Астана қаласында Бибігүл Төлегенова атындағы Креативті мектептің құрылысы басталғанын қуана хабарлаймыз

Салтанатты түрде капсула салынып, бірінші бетон құйылды. Біздің мектебіміз оқушылар цифрлық технологиялар, музыка, өнер мен ғылымдағы таланаттарын дамытатын Қазақстандағы алғашқы мектеп болмақ. 

Жобаны кәсіпкер Арманжан Байтасов пен Төлегеновалардың отбасы қолдады, мектептің құрылысы 2024 жылдың 1 қыркүйегіне дейін аяқталады деген жоспар бар. Біздің мектеп 1058 балаға арналған, қазақ және орыс тілдерінде білім береді. Біз жеке траектория бойынша даму, шет тілін тереңдете оқу және практикалық білімді қосқанда бірегей білім беру мүмкіндіктерін ұсынамыз. 

Оқудың негізгі бағыттарына вокал, музыкалық аспаптар, робототехника, өнер, 3D-моделдеу, веб-дизайн, фото және видеотүсірілім, сондай-ақ, қолөнер мен спорт бағыттары жатады. 

Біздің мақсатымыз – жастардың шығармашылық әлеуетінің орталығына айналып, Қазақстандағы инновациялық мәдениетті қалыптастыруға көмектесу. 

Салтанатты рәсімге Бибігүл Төлегенова келіп, болашақ ұрпаққа өсиетін жазып қалдырып, бірінші бетон құю рәсіміне қатысты. Қала әкімінің орынбасары Ерлан Бекмырзаев пен Арманжан Байтасов құттықтау сөзін сөйлеп, бұл жобаның ел үшін маңызды әрі символикалық мәнге ие екенін атап өтті.

ОҚУҒА ТҮСУ ҮШІН ӨТІНІШ ЖАЗУ
Мәліметтеріңізді енгізіңіз, біз жақын арада сізге хабарласамыз

    Аты-жөніңіз кім?*

    Почтаңызды жазыңыз:

    WhatsApp нөмірін енгізіңіз:*


    Сыныпты таңдаңыз:

    Оқыту тілін таңдаңыз::

    Нажимая на кнопку вы даете свое согласие на обработку персональных данных, согласно Политике конфиденциальности