Қазақстандағы алғашқы креативті мектеп Астанада ашылады

10.06.2024

Біз Астана қаласында Бибігүл Төлегенова атындағы Креативті мектептің құрылысы басталғанын қуана хабарлаймыз

Салтанатты түрде капсула салынып, бірінші бетон құйылды. Біздің мектебіміз оқушылар цифрлық технологиялар, музыка, өнер мен ғылымдағы таланаттарын дамытатын Қазақстандағы алғашқы мектеп болмақ. 

Жобаны кәсіпкер Арманжан Байтасов пен Төлегеновалардың отбасы қолдады, мектептің құрылысы 2024 жылдың 1 қыркүйегіне дейін аяқталады деген жоспар бар. Біздің мектеп 1058 балаға арналған, қазақ және орыс тілдерінде білім береді. Біз жеке траектория бойынша даму, шет тілін тереңдете оқу және практикалық білімді қосқанда бірегей білім беру мүмкіндіктерін ұсынамыз. 

Оқудың негізгі бағыттарына вокал, музыкалық аспаптар, робототехника, өнер, 3D-моделдеу, веб-дизайн, фото және видеотүсірілім, сондай-ақ, қолөнер мен спорт бағыттары жатады. 

Біздің мақсатымыз – жастардың шығармашылық әлеуетінің орталығына айналып, Қазақстандағы инновациялық мәдениетті қалыптастыруға көмектесу. 

Салтанатты рәсімге Бибігүл Төлегенова келіп, болашақ ұрпаққа өсиетін жазып қалдырып, бірінші бетон құю рәсіміне қатысты. Қала әкімінің орынбасары Ерлан Бекмырзаев пен Арманжан Байтасов құттықтау сөзін сөйлеп, бұл жобаның ел үшін маңызды әрі символикалық мәнге ие екенін атап өтті.

Мына тақырыптар сізді қызықтыруы мүмкін:

17.10.2024
2А сынып оқушылары республикалық «Мақатаев оқулары» байқауында жүлделі орындарға ие болды

2А сынып оқушылары Республикалық ғылыми-әдістемелік орталық «Абырой» ұйымдастырған республикалық «Мақатаев оқулары» байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болды: • Жақсигелді Нурия (1 орын),• Нұрсайын Айдана (2 орын),• Нұрсайын Айзере (2 орын),• Есенұлы Дінмұхаммед (2 орын) Сынып жетекшісі Қаирова Клара Ұстазға балалардың шығармашылық жұмыстарына қолдау көрсетіп, белсенділік танытқаны үшін алғысымызды білдіреміз. Ұстаздың еңбегі оқушылардың осы жетістіктерге жетуіне […]

10.06.2024
Біздің Open Talk-те BTCS мектері туралы барынша мол ақпарат алыңыз

Әр жұма сайын біз Open Talk кездесуін өткіземіз, онда сізлер біздің білім беру бағдарламаларымыз бен BTCS мектебі туралы толық ақпарат ала аласыздар

10.06.2024
Мектептің ресми таныстырылымы BTCS: Білімге деген шабыт пен инновация!

16 наурыз күні мектептің көптен күткен таныстырылымы өтті BTCS дегеніміз – бірегей білім беру бағдарламаларымызды ұсынған орын

ОҚУҒА ТҮСУ ҮШІН ӨТІНІШ ЖАЗУ
Мәліметтеріңізді енгізіңіз, біз жақын арада сізге хабарласамыз

    Аты-жөніңіз кім?*

    Почтаңызды жазыңыз:

    WhatsApp нөмірін енгізіңіз:*


    Сыныпты таңдаңыз:

    Оқыту тілін таңдаңыз::

    Нажимая на кнопку вы даете свое согласие на обработку персональных данных, согласно Политике конфиденциальности