Month: Маусым 2024
Цифрлы технологиялар факультеті
MUSIC факультеті
ART факультеті
Біздің Open Talk-те BTCS мектері туралы барынша мол ақпарат алыңыз
Әр жұма сайын біз Open Talk кездесуін өткіземіз, онда сізлер біздің білім беру бағдарламаларымыз бен BTCS мектебі туралы толық ақпарат ала аласыздар
Әр жұма сайын біз Open Talk кездесуін өткіземіз, онда сізлер біздің білім беру бағдарламаларымыз бен BTCS мектебі туралы толық ақпарат ала аласыздар. Кездесуде біздің бас директорымыз бен академиялық директорымыз біздің мектептің артықшылықтары мен бірегей ерекшеліктері туралы айтып береді.
Жүзбе-жүз сөйлесу форматында өтетін кездесуге келіп, өз сұрақтарыңызды қойыңыздар. Кездесулер жанға жайлы кеңседе өтеді, сіздер жұптарыңызбен немесе бүкіл отбасыларыңызбен қатыса аласыздар.
Орындарға бронь қойыңыздар! Бір Open Talk лимиті – 10 адам, сондықтан, ертерек жазылған дұрыс.
Келесі жұма күні өтетін кездесуге орын қалған жоқ, сондықтан, біздің менеджерлерге хабарласып, болашақ кездесулерге орын брондап қойыңыздар.
Асығыңыздар! Орын тез тауысылып жатыр.
+7 771 568 0306 нөмірі бойынша хабарласыңыздар
Сіздерді Open Talk кездесуінде күтеміз!
Мектептің ресми таныстырылымы BTCS: Білімге деген шабыт пен инновация!
16 наурыз күні мектептің көптен күткен таныстырылымы өтті BTCS дегеніміз – бірегей білім беру бағдарламаларымызды ұсынған орын
Білімге заманауи және креативті тұрғыда қарауға қызығатындардың бәрі осы іс-шараға жиналды.
Таныстырылым кезінде біз әрбір оқушыны дамытуға және шабыт беруге бағытталған инновациялық білім беру бағдарламаларымыз туралы маңызды ақпарат айттық. Балаға дұрыс тамақ берудің және оқушылардың денсаулығына деген қамқорлықтың қандай маңызды екенін талқыладық. Бұл құндылықтар біздің білім беру философиямыздың ажырамас бөлігі. Біз білім беру процессіне барын салған біздің таланатты командамызға ерекше алғыс білдіреміз. Сонымен қатар, біз әлемдік стандарттарға сай келетін, білім алу үшін қолайлы жағдай жасайтын сыныптардың заманауи дизайны мен атмосферасын таныстырдық. Біздің сарапшымыз Динара Амрина дайындаған буллингтің алдын алу жөніндегі бағдарламаны енгізуге қатысты бөлек әңгіме өрбіттік. Оның әдіс-тәсілі барлық оқушы үшін қауіпсіз және бір-біріне қолдау танытатын орта құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, біз Бибігүл Төлегенова атындағы Креативті мектептің оқушылары үшін арнайы тігілген халықаралық Marino Madi дизайнындағы бірегей мектеп формасын таныстырдық. Біз осы айтулы күні жанымыздан табылып, қуанышымызға ортақ болған барша адамға шын жүректен алғыс айтамыз. BTCS мектебінде жаңа талантты оқушыларды асыға күтеміз!
Қазақстандағы алғашқы креативті мектеп Астанада ашылады
Біз Астана қаласында Бибігүл Төлегенова атындағы Креативті мектептің құрылысы басталғанын қуана хабарлаймыз
Салтанатты түрде капсула салынып, бірінші бетон құйылды. Біздің мектебіміз оқушылар цифрлық технологиялар, музыка, өнер мен ғылымдағы таланаттарын дамытатын Қазақстандағы алғашқы мектеп болмақ.
Жобаны кәсіпкер Арманжан Байтасов пен Төлегеновалардың отбасы қолдады, мектептің құрылысы 2024 жылдың 1 қыркүйегіне дейін аяқталады деген жоспар бар. Біздің мектеп 1058 балаға арналған, қазақ және орыс тілдерінде білім береді. Біз жеке траектория бойынша даму, шет тілін тереңдете оқу және практикалық білімді қосқанда бірегей білім беру мүмкіндіктерін ұсынамыз.
Оқудың негізгі бағыттарына вокал, музыкалық аспаптар, робототехника, өнер, 3D-моделдеу, веб-дизайн, фото және видеотүсірілім, сондай-ақ, қолөнер мен спорт бағыттары жатады.
Біздің мақсатымыз – жастардың шығармашылық әлеуетінің орталығына айналып, Қазақстандағы инновациялық мәдениетті қалыптастыруға көмектесу.
Салтанатты рәсімге Бибігүл Төлегенова келіп, болашақ ұрпаққа өсиетін жазып қалдырып, бірінші бетон құю рәсіміне қатысты. Қала әкімінің орынбасары Ерлан Бекмырзаев пен Арманжан Байтасов құттықтау сөзін сөйлеп, бұл жобаның ел үшін маңызды әрі символикалық мәнге ие екенін атап өтті.